27
Наурыз

«Ақ жол» партиясы Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдайды - Казак унi (Алматы)

 
Үстіміздегі жылдың 12-наурызында Астана қаласында «Ақжол» демократиялық партиясының 12 съезі болып өтті. Еліміздің барлық айма^тарынан арнайы келген делегаттар алдында сөз сөйлеген «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев құн тәртібіндегі негізгі мәселе - республикамыздағы кезектен тыс Президент сайлауы жайына кеңінен тоқталды.
- Ағымдағы жылдың 26-сәуірінде мерзімінен бұрын президенттік сайлау өтетіні баршаңызға белгілі. Келесі (2016) жылы президенттік те, парламенттік те сайлау өткізудің мерзімдері түйісіп, қатар келуі туралы сарапшылар былтырдан бастап айта бастаған-ды. Сонымен бірге, ҚР Конституциясының 41-інші бабының 3 тармағына сүйенсек, бүл сайлауларды бір мезгілде өткізуге болмайтыны да осы басты заңымызда тайға таңба басқандай жазылған. Біздің саяси жүйеде президент институты өлшеусіз жоғары тұрғанын мойындауымыз керек, өйткені дәл осы институт мемлекеттік дамудың бағытын және қарқындарын айқындайды. Сол себепті, Қазақстан халқы Ассамблеясы Президент сайлауын кейінге қалдырмай биыл өткізуді ұсынды. Бұл дер кезінде айтылған ұсынысты бүкіл қазақстандықтар қолдап отырғанына куә болып отырмыз - деді Азат Перуашев.
«Біз тарихи маңызы зор, жауапты сәтте бас қосып отырмыз. Елбасымыз кеше ғана халықтың өтінішін қабылдап, президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынуға келісім берді. Мен мемлекет басшысына осы шешімі үшін барша «ақжолдықтар» атынан, оның ішінде, отандық кәсіпкерлер мен зиялылар атынан шынайы ризашылығымды білдіргім келеді.
Біз миллиардтаған инвестициялар тарту, кәсіпорындарымызды заманауи құралдармен жабдықтау, қызметкерлерімізді шетелде оқыту, халықаралық нарыққа еркін шығу және басқа да көптеген мүмкіндіктерге ие болып отырмыз. 20 жыл бұрын бізде мұның бірде бірі болған емес.
Бізге үлкен бизнеске жол ашқан — Нұрсұлтан Назарбаев. Ол бізді үйретті, көмектесті, бағыт берді және жаңа жеңістерге шабыттандырды. Қазақстан бизнесінің тәуелсіздік жылдарындағы барлық табыстары — Елбасының қамқорлығының жемісі екенін ерекше атап өтті.
Көшбасшымыздың алдағы Қазақстан Президент сайлауына қатысатынына шын жүректен қуаныштымыз. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Президиум сіздердің қарауларыңызға 26-сәуірдегі президенттік сайлауда «Ақ жол» демократиялық партиясы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасына қолдау көрсетсін деген бір ғана ұсыныс жасайды деді сөз соңында партия жетекшісі. Партия съезіне қатысушы делегаттар да өз жетекшісінің бұл ұсынысын құптап, бірауыздан келісім берді. Съезге қатысушылар осы мәселеге қатысты Үндеу жариялады.
«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы съезіне қатысушылардың Үндеуі
«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы өзінің құрылған сәтінен бастап елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысып келеді, көптеген өзекті мәселелер бойынша өз ұстанымы бар, маңызды бастамаларды жиі көтеріп отырады.
Еліміз үшін қазіргі күннің маңызды мәселесі 26-сәуірге белгіленген кезектен тыс Президент сайлауы болып табылады. Күні кеше, 11-наурызда, алдағы сайлауға қатысуға қазіргі Мемлекет басшысының кандидатурасын ұсыну туралы шешімі қабылданғаны белгілі.
Елдің оның одан әрі дамуының мүддесін басшылыққа ала отырып, «Ақ жол» партиясының съезі Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына казіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасын ұсынуды толық қолдайды.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Тұңғыш Президентінің басшылығымен қарқынды дамушы, экономикалық қуатты, саяси тұрақты мемлекет болып қалыптасты.
Елде ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісім қамтамасыз етілді.
Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі жылдан жылға өсіп келеді. Қазіргі жаһандық экономикалық дағдарыстың арта түскен қысымы, халықаралық саяси ахуалдың күрделенуі жағдайында Қазақстанға күшті, жалпыұлттық көшбасшы жанында шоғырлану өте маңызды.
Нұрсұлтан Назарбаев елдің тәжірибелі әрі көреген басшысы ретінде өткен жылдың өзінде-ақ әлемдік дағдарыс жағдайында қазақстандық экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етуге арналған «Нұрлы жол» бағдарламасын ұсынған болатын.
Біз Қазақстан көсбасшысына көрсетілген сенім мандаты осы күрделі кезеңнен сүрінбей өтіп, елді дамытуға бағытталып қабылданған бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндік беретініне сенеміз.
Қазақстан өзінің жалпыға ортақ мойындалған көшбасшысымен экономикалық қуатты, саяси тұрақты және әлемде үлкен беделге ие мемлекет құру жөніндегі өз жолын жалғастыратынына сенімдіміз.
Астана қаласы, 12-наурыз 2015 жыл.
 
Дерекнама - Казак унi (Алматы), № 11 (670), 17.03.2015