6 маусым 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы⠀
Құрбан айт мерекесіне орай «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалы тұрмысы
төмен және көп балалы,асыраушысынан айырылған отбасыларға азық-түлік пен
құрбандыққа шалынған мал етін үлестірді.
Қайырымдылық шарасына «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалы төрағасының
орынбасары Адай Шуханов Кенжебайұлы және филиал қызметкерлері үйлеріне арнайы
жеткізіп берді.
Игі іске Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары Батырбек Аширбаев, Мұхтар
Шимиров, Дулат Қуашбаев,
кеңес мүшелері Адай Шуханов,Асқар Амалбеков демеушілік көрсетті.
— Қасиетті Құрбан айт – бауырмалдық пен жанашырлықтың, мейірім мен
қайырымдылықтың мерекесі. Осындай күндері бір-бірімізге қолдау көрсетіп, мұқтаж
жандарға көмек қолын созу — халқымыздың ізгі дәстүрінің жалғасы. Баршаңызды
Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыларыңыз аман, берекелі
болсын! – деді партия өкілдері.