6 наурыз 2023 жыл, «Ақ жол» демократиялық
партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол»
партиясы республикалық сайлауалды штабының мүшелері Шығыс Қазақстан облысында
кездесулер өткізуде.
«Ақ жол» партия төрағасының орынбасарлары Дмитрий Васильев пен Берік
Дүйсембинов облыс кәсіпкерлерімен өткен
дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Кандидаттар бизнес өкілдеріне партия бағдарламасының алты басым бағыты
туралы айтып берді.
Бизнесті дамыту, несиенің қымбат мөлшерлемелері, оффшорлық
есепшоттардағы халық қаражатын Қазақстанға
қайтару туралы тармақтар өңір тұрғындарынан қолдау тапты.
Жастарды
ипотекалық несие мәселесі
толғандырды. Ал, кәсіпкерлердің айтуынша, шексіз мүмкіндікке ие сот
орындаушыларының әрекетіне наразы. Олар
компаниялардың есепшоттарын бұғаттап, табыс тауып, қарыздарынан құтылуына кедергі жасайды. Кәсіпорындарды
дизельдік отынмен қамтамасыз ету мәселесінде де кереғар жағдай туындауда.
Халыққа, ауыл шаруашылығына жеңілдіктер қарастырылса, кеніштер мен көлік компаниялары оны 3 есе қымбатқа сатып
алуға мәжбүр. Олардың көпшілігі банкроттықтың алдында тұр.
Бұл
мәселелердің барлығы бақылауда болады, деп сендірді Дмитрий Васильев.
Бизнес партиясы өз тарапынан кәсіпкерлік саласындағы мәселелерді
шешудің бірқатар жолдарын ұсынуға дайын. Атап айтқанда, әлеуметтік маңызы бар
тауарлар мен бизнестің басым секторлары үшін 0-6% деңгейінде қосымша құн
салығының төмендетілген мөлшерлемелерін енгізуді талап ету. Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктік несие бойынша базалық
сыйақы мөлшерлемесін жылдық 4-5%-дан аспайтын тиімді сыйақы мөлшерлемесіне
дейін төмендету мәселесін көтеру қажет. Монополистер тарифтерінің негізділігін
– бірінші кезекте энергетика және теміржол көлігі саласында толық көлемде
тексеру жүргізу керек.
«Біз ауылдық жерлерде салықтарды жоюға ұмтылудамыз, адамдардың БЖЗҚ шотындағы қаражатын өздері басқарғанын қалаймыз, медициналық сақтандыру нақты бір адамға байланып, ол кез-келген емханада, қажетті уақытта көмек ала алатын болуы керек, – деді Берік Дүйсембинов.
«Ақжолдықтар» жиналғандардың сұрақтарына жауап беріп, сайлаушыларды наурыздың 19-ы күні сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға, «Ақ жол» демократиялық партиясына дауыс беріп, жергілікті мәслихат депутаттығына «Ақ жол» партиясы атынан түскен кандидаттарға қолдау жасауға шақырды.