31
Мамыр

«Ақ жол» партиясы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

31 мамыр 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалы «Қасірет» мемориалына гүл шоқтарын қойып, жазықсыз жапа шеккен азаматтардың рухына тағзым етті.

Іс-шараға Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Ақ жол» ҚДП фракциясының жетекшісі Тулебаев Исламбек Насруллаұлы, партия филиалы төрағасының орынбасары Шуханов Адай Кенжебайұлы және партия қызметкерлері қатысты.

Бұл – өткенге тағзым жасап, ел тарихындағы ең ауыр кезеңдерді ұмытпай, келер ұрпаққа үлгі боларлық өнеге көрсету мақсатында ұйымдастырылған шара.