12 қазан 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының мүшелері
Семей қаласында өтіп жатқан қала әкімін сайлау күні сайлау учаскелерінде бақылаушы
ретінде қызмет атқаруда.
Бақылаушылардың басты мақсаты – сайлау үдерісінің әділ, ашық және заң
талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету.
Олар дауыс беру барысын, бюллетеньдердің дұрыс есептелуін және
сайлаушылардың конституциялық құқықтарының сақталуын мұқият қадағалауда.
«Ақ жол» партиясы үшін қоғам сенімін арттыру, әділ сайлау өткізу және
демократиялық құндылықтарды сақтау – басты басымдықтардың бірі болып қала
береді.
