22
Тамыз

«Ақ жол» партиясы Семейде өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

22 тамыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Семей қаласында «Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналды.

Конференцияға Абай облысының әкімі Берік Үәлі, ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсенбаев, Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айнұр Арғынбекова және «Ақ жол» демократиялық партиясы Абай облыстық филиалының мүшелері қатысты.

Ашылу салтанатында аймақ басшысы сөз сөйлеп, шараның маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ғалымдар мен сарапшылардың пікірлері құқықтық мәдениетті арттыруға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға және заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа ізденістерге серпін беретіні айтылды.