27 мамыр 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы
Шымкент қаласында «Ақ жол» ҚДП қалалық филиалы белсенді жұмысын
жалғастыруда. Партия құрамына 4 жаңа мүше қабылданып, олардың ішінде
кәсіпкерлер мен қоғам белсенділері, ардагерлер ұйымының өкілдері де бар.
Партия филиалы төрағасының орынбасары Шуханов Адай Кенжебайұлы жаңа
мүшелерді ресмей түрде тіркеп, «Ақ жол» партиясының ел дамуына қосып жатқан
үлесі мен алдағы мақсаттары туралы кеңінен таныстырды. Ол партияның кәсіпкерлер
мен түрлі сала мамандары үшін ашық алаң екенін айтып, әрбір азаматтың
бастамасына қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
Сонымен қатар, кеңес мүшесі, Амалбеков Асқар Ұласбекұлы да жиынға қатысып,
жаңа мүшелерді партиялық жұмыстарға белсенді араласуға шақырды.




