17
Шілде

“Ақ жол” партиясы тарихи тұлғаларды ұлықтауға атсалысуда

17 шілде 2025 жыл, Абай облыстық филиал

Семей қаласында Мәңгілік ел көшесі, 10 мекенжайында халқына аянбай қызмет еткен қос тұлға — Совет Кәкімұлы Қазыбаев пен Нина Ахановна Болеповаға арналған ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараға “Ақ жол” демократиялық партиясының Абай облыстық филиалы да қатысып, ел есінде қалған тұлғалардың рухына тағзым етті.

Совет Қазыбаев – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ұстаз, қалалық Кеңестің депутаты, білім мен ғылым саласына елеулі үлес қосқан қайраткер.

Нина Болепова – облыстық комсомол комитетінің алғашқы әйел басшысы, Жаңа-Семей ауданында партиялық және әкімшілік қызметтерде еңбек еткен қоғам қайраткері.

Қос тұлғаның өмірі – жас ұрпақ үшін үлгі, ел есінде қалатын ерен еңбек иелері.