05
Қыркүйек

«Ақ жол» партиясы Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Берік Тлебаев «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Талас ауданының тарихи-мәдени нысандарына эко-мониторинг жүргізді

Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп, қоршаған ортаны қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Мониторинг барысында орталықтағы Батырлар аллеясы, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған арнайы орындардың күнделікті тазалық жұмыстары, абаттандыру жұмыстары қажетті деңгейде жүргізілмейтінін көрдік. Жасалып жатқан күтімнің деңгейі төмен.

Аулаларды абаттандыру бағытында Қаратау қаласында көпқабатты тұрғын үйлер аумағында демеушілер көмегімен балалар алаңшаларын салу қолға алыныпты. Биыл осындай 6 ойын алаңшасын ашу жоспарланған.

Облыстық қоғамдық кеңестің мониторинг тобы эко-бақылау жүргізу апталығы аясында жер қойнауы қазбаларын пайдалану нысандарына да зерделеу жүргізді.

Мониторинг жүргізілген өндіріс орнының бірі – Қаратау қаласынан 9 шақырым қашықтықта орналасқан “Жамбылнедр цемент зауыты” ЖШС. Серіктестік Сүлеймен сай қойнауынан алынатын шикізат - әк тасы шығыс жақта 3 км қашықтықта орналасқан зауытқа жеткізеді екен. Әрине, шикізат өндіру және тасымалдауда экологиялық талаптардың толықтай сақталмайтыны түсінікті.

Талас ауданы аумағында бірнеше кен орны бар. Амангелді газ-кен орны, Шолақтау фосфорит орны, 6 мрамор қойнауы, Алинекс бөлімшесі жер қойнауынан қазылып алынған шикізаттарды пайдаланады.

Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаровтың айтуынша, ауданда 13 жер қойнауын пайдаланушы бар екен.

Эко-бақылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес тарапынан ұсынымдар әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.