17
Шілде

«Ақ жол» партиясы жастар қанатының ұйымдастыруымен филиалдың көшпелі кубогы үшін кіші футболдан жарыс өтті

17 шілде 2024 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясының Жамбыл облыстық филиалының Жастар қанатының ұйымдастыруымен филиалдың көшпелі кубогы үшін кіші футболдан жарыс өтті.

Жасөспірімдер арасындағы жарыста Тараз қаласынан 5 команда сынға түсті.

Жарыстың ашылу рәсіміне партия филиалы төрағасының орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова, «Ақ жол» партиясынан Тараз қалалық мәслихатына сайланған депутат Бауыржан Найзақұлов қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Тартысты өткен бәсекеде «ІТ лицейі» командасы жеңіске жетіп, көшпелі кубок иегері атанды. Ал финалға дейін жетіп, қарсыласына есе жіберген «AFK classic» футболшылары 2-орыннан көрінді. 3 орын иегері – «Juniors» командасы.

Сондай-ақ кездесулерде қақпасына гол жібермеген Рахат Арманжолов «Үздік қақпашы» атанды.  «Үздік шабуылшы» номинациясы Нұрәділ Аманжолұлына бұйырса, Бекарыс Тұраров жарыстың «Үздік қорғаушысы» деп танылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, үздіктерге «Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалының арнайы дипломдары мен кубоктары, қаржылай сыйлықтар, сертификаттар тапсырылды.

Жарысты өткізуге «Ақ жол» партиясынан сайланған депутаттар қаржылай қолдау көрсетті.