2 қараша 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
ReBusiness Forum 2025 — еліміздің кәсіпкерлері мен қоғам белсенділерін бір
алаңға жинаған Respublica партиясының ірі форумы.
Бұл маңызды шараға «Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық
филиалының жастар кеңесі арнайы шақыртумен қатысты. Форумда жастар кеңесі
төрайымы Бинұр Ахатқызы мен мүшесі Ақбота Асанқызы еліміздің жетекші бизнес
өкілдерімен жүздесіп, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.
🔹 Форум аясында қатысушылар табысты кәсіпкерлердің баяндамаларын тыңдап,
қазіргі заманғы бизнес пен интеллекттің өзара байланысын, жаңа мүмкіндіктер мен
инновациялық тәсілдерді талқылады.
🔹 Сонымен қатар, нетворкинг алаңында түрлі өңірлерден келген іскер жандармен
пікір алмасып, жаңа байланыстар орнатты.
«Ақ жол» партиясы жастары бұл кездесуден тың идея мен шабыт алып, болашақ
кәсіби және қоғамдық қызметінде қолдануға болатын құнды тәжірибе жинақтады.

