22 қазан 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
«Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының жастар
кеңесінің төрайымы Бинұр Ахатқызы және Семей медицина университетінің
студенттік ректоры, партия жастар кеңесінің белсенді мүшесі Өмірәлінов Ерасыл
Республика күніне орай өткен облыстық жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесуге
қатысты.
Кездесуде жастардың ел дамуына қосар үлесі, заманауи қазақстандық жастардың
құндылықтары, патриоттық сана мен көшбасшылық қасиеттерді дамыту тақырыптары
талқыланды.
Сонымен қатар, жастар арасында еріктілік, экологиялық мәдениет және қоғамдық
бастамаларды қолдау бағытындағы жаңа идеялар ұсынылды.
Іс-шара жас көшбасшылардың өзара тәжірибе алмасуына, азаматтық
белсенділікті арттыруға және отансүйгіш рухты қалыптастыруға үлкен серпін
берді.

