10 қыркүйек 2025
жыл, Қызылорда облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясы Қызылорда
облыстық филалының кеңсесінде «Ақ жол» партиясынан сайланған Қызылорда облыстық
мәслихат депутаттары Бауыржан Сандыбаев, Қайрат Боранбаев және Нұрымжан Сопбековтер 2025 жылдың 5-7
қыркүйегіне Ерейментау қаласында өткен
Қазақ күресінен 2010-2011 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Алаш идеясы
үшін құрбан болған қайраткерлерді және Перуаш Кәрімұлын еске алуға арналған Х
дәстүрлі Халықаралық турнирге Қызылорда облысынан қатысқан жас балуандар мен
олардың бапкері Шүкір Аязбекті қаржылай марапаттап, оларға облыстық филиал
атынан алғыс білдірді. Өз кезегінде жас
балуандар турнирден алған әсерлерімен бөлісіп, күрес барысында тәжірибе
жинақтағандарын айтып, «Ақ жол» партиясына ризашылықтарын білдірді.






