1 наурыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Бұл күн – бір-бірімізге ризашылық білдіріп, ізгілік пен мейірімділікке толы
жүректерімізді одан әрі нұрландыратын ерекше мереке. Біз еліміздегі бейбітшілік
пен бірлікті, өзара сыйластық пен түсіністікті бағалай отырып, барша
қазақстандықтарға алғыс айтамыз.
“Ақ жол” партиясының Абай облыстық филиалы барлық ардагерлерге, ұстаздарға,
дәрігерлерге, еңбек адамдарына және қоғам игілігі үшін аянбай қызмет етіп
жүрген азаматтарға шынайы ризашылығын білдіреді. Сіздердің еңбектеріңіз –
біздің ортақ болашағымыздың берік іргетасы!
Рахмет пен алғыс – қоғамды біріктіретін ең маңызды құндылықтар.
Бір-бірімізге алғыс айтып, жақсылық жасап, ел игілігі үшін жұмыла еңбек ете
берейік!
Алғыс айту күні құтты болсын!