5 шілде 2022 жылы, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
2022 жылдың 21 мамырында өткен «Ақ жол» партиясының Құрылтайында жаңадан құрылған Абай, Жетісу,
Ұлытау облыстарында партия филиалдарын ашу туралы қабылданған шешіміне
байланысты, бүгін Мәжіліс депутаттары Берік Дүйсембинов пен Ғани Хамзиннің қатысуымен,
партияның Семей қалалық өкілдігінің конференциясында Абай облыстық филиалының
төрағасы сайланды. Енді оны 33 жастағы кәсіпкер Тлеужанов Ержан Хамитұлы басқаратын
болды.
Ол Абай облысы, Үржар ауданының тумасы. Абай еліндегі ірі кәсіпкерлердің
бірі. Ауыл шаруашылығы, білім саласы, жеңіл өнеркәсіп, туризм саласындағы
мекемелерінде 500 ден аса азаматтарды жұмыспен қамтып отыр. Ауылдарда мешіт,
әлеуметтік нысандар салған меценат азамат. Семей қаласына сіңірген еңбегі үшін
төсбелгінің иегері.
Сонымен бірге конференцияда партияның Семей қалалық өкілдігі төрағасының
есебі, Абай облыстық филиалын тіркеу, облыстық филиалдың Кеңес құрамын сайлау
және бекіту, сондай-ақ басқада мәселелер қаралды.
Мәжіліс депутаты Берік Сәлімжанұлы Абай облысының даму бағыттарына
тоқталып, елдегі болып жатқан саяси реформалар
туралы баяндады. «Ақ жол» партиясының Абай облыстық филиалы Кеңесінің құрамына қала, аудандардағы
24 (жиырма төрт) белсенді партия мүшесі сайланды.