23
Ақпан

"Ақ жол" партиясының Абай облыстық филиалының жастар кеңесі дебаттағы жетістіктерімен қуантты!

23 ақпан 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

"Ақ жол" партиясының Абай облыстық филиалының жастар кеңесінің мүшелері Конгресс дебат клубы ұйымдастырған облыстық “Music CUP III” турниріне қатысып, жоғары нәтиже көрсетті!

Акабай Мадина және Бинұр Ахатқызы Британдық парламенттік форматтың (БПФ) финалының жеңімпазы атанды! Сәрсен Жанерке турнирдің финалисі болды!

Бұл жеңіс – жастардың үздік шешендік қабілеті мен логикалық ойлау деңгейінің жоғары екенін дәлелдейді. Біз белсенді жастарымыздың жетістіктерімен мақтанамыз және алдағы уақытта да қолдау көрсетеміз!

Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Жаңа белестерді бағындыруға тілектеспіз!