10 қараша 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
«Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының Жастар
кеңесінің төрайымы Бинұр Ахатқызы “KONGRESS CUP XI” республикалық пікірсайыс
турнирінде жеңіске жетті!
Бұл жеңіс — білімге, табандылыққа және көшбасшылыққа негізделген «Ақ жол»
жастарының жаңа буынының жарқын жетістігі.
Пікірсайыс турнирі – ел жастарының саяси мәдениеті мен сыни ойлау қабілетін
дамытатын маңызды алаң. Ал Бинұр Ахатқызының бұл жеңісі — жастардың елдік
көзқарасы мен жауапкершілігін танытқан нақты нәтиже.
«Ақ жол» партиясы үшін мұндай жеңістер — ұлт рухын жаңғыртудың, жастар
әлеуетін арттырудың және елге адал қызмет ету идеясын дәріптеудің көрінісі.
Бинұр Ахатқызын осы үлкен жетістігімен құттықтап, алдағы уақытта да жеңісті
жолыңыз бен көшбасшылық миссияңыз табысты болсын дейміз!