05
Қантар

«Ақ жол» партиясының Алматы облыстық филиалының төрайымы қайта сайланды

5 қаңтар 2023 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Жаңадан Алматы және Жетісу облыстарының ашылуына және Алматы облысының орталығын Қонаев қаласына көшірілуіне байланысты бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы облыстық филиалының конференциясы өтіп, Алматы облыстық филиалының төрайымы қайта сайланды. Бұл лауазымға Алматы облысы филиалының төрайымы қызметін атқарған Мейраш Шынасилова қайта сайланды.


Мейраш Қалиқызының жеке кәсіпкерлікте мол тәжірибесі бар, «Атамекен» өңірлік палатасын басқарды, шағын және орта бизнесті қорғау саласында ұзақ жылдар бойы белсенді жұмыс істеп, аз қамтылған отбасылар мен білім беру мекемелеріне көптеген қайырымдылық шараларын өткізіп келеді. Осы уақытқа дейін «Ақ жол» Демократиялық партиясының Алматы облысы бойынша филиалын басқарды.

Конференция жұмысына «Ақ жол» партиясының Орталық аппаратының басшысы Асылхан Қожахметов, жергілікті мәслихат депутаттары мен партия мүшелері қатысты.

Сондай-ақ, Алматы облыстық филиалы Кеңесінің құрамына өңірдегі партияның белсенді 11 адам (мүшесі) сайланды.