05
Қыркүйек

«Ақ жол» партиясының қатарына жаңа мүшелер қабылданды

5 қыркүйек 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы

Түркістан облысының  әртүрлі аудандарынан келген бірқатар азаматтар «Ақ жол» демократиялық партиясының қатарын толықтырды. Олардың ішінде:

                    Ақсәуле Ыдырысова

                    Берікбай Байболат

                    Нұрбол Дәрібаев

                    Бағдат Рысаев

                    Дүйсенкүл Болысбаева

                    Ердәулет Жетенов

Жаңа мүшелердің арасында кәсіпкерлер, ұстаздар және қоғам белсенділері бар. Олар елдің саяси өміріне белсене араласып, әділетті қоғам құруға өз үлестерін қосуға ниетті екендіктерін жеткізді.

Басқосуда  “Ақ жол” партиясының Түркістан облыстық филиал менеджері Бану Сүйінбай:

– «Ақ жол» партиясының басты мақсаты – әділеттілікті орнату, кәсіпкерлікті қолдау және ұлттық мүддені қорғау. Бүгін қатарына қосылған азаматтар осы құндылықтарды бірге жүзеге асырады деген сенімдемін, – деді.