09
Қыркүйек

«Ақ жол» партиясының атыраулық депутаттары Бейнеу ауданындағы №99116 әскери бөлімнің сарбаздарын марапаттады

2024 жыл 9 қыркүйек, Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі

«Ақ жолдың» Атырау қалалық мәслихат депутаты Бауыржан Ажигалиев, Атырау облысы, Жылой аудандық мәслихат депуататы Ерлан Асылбеков Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданына жұмыс сапарымен келді. 

Сапар барысында депутаттар “Ақ жол” партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен Бейнеудегі №99116 әскери бөліміне барды.

Депутаттар әскери бөлім қызметкерлерімен таңертеңгілік сапқа тұру алдында кездесіп, Отан алдындағы борыштарын өтеу кезінде Құлсары қаласында су тасқынына қарсы күрескен сержанттар мен сарбаздарды марапаттады.

№99116 әскери бөлімнің сарбаздарына табиғи апаттарға қарсы күресте табандылық пен батылдық танытқан үшін “Ақ жол” демократиялық партиясының Ұлттық Кеңесінің атына “Апатпен күрескені үшін” медалі табысталды.