17
Ақпан

«Ақ жол» партиясының аудандағы өкілінің сұрағына білім бөлімі жауап берді

17 ақпан 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалының Жуалы ауданындағы үйлестірушісі, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Талғат Қуатбеков Берікөл ауылдық округінің Жылыбұлақ ауылындағы "Жылыбұлақ" бастауыш мектебіне барып, жылу беру жұмыстарының жай-күйін зерделеді.

 Мектеп ғимараты 1958 жылы салынған. Бастауыш мектеп қыстай қатты отын – көмірмен жылытылады.

Талғат Қуатбеков мектеп ғимаратының қысқы жылу беру маусымындағы жағдайын зерделеп, бұл туралы әлеуметтік желіге жариялап, тиісті мекемелерге сауал жолдады.

Талғат Қуатбековтың сауалына орай Жуалы аудандық білім бөлімі тиісінше жауап берді: «Жуалы ауданының білім бөліміне қарасты №39 Жылыбұлақ бастауыш мектебіне жаңа ғимарат соғу 2025-2026 жылдарға жоспарда бар. "Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" КММ тарапынан ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Спорт зал, медбике кабинеті және басқада проблемалық мәселелер құрылыс есебінен шешімін табатын болады».