05
Қыркүйек

Ақ жол партиясының белсенді мүшесі партия кеңсесінде қоғамдық қабылдау жүргізді

5 қыркүйек 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы

Ұлытау облыстық мәслихат депутаты, Ақ жол партиясының белсенді мүшесі партия кеңсесінде қоғамдық қабылдау жүргізді.

Қабылдауға қаламыздың тұрғындары келіп, аймағымыздың өзекті мәселелерін көтеріп, пікірлерін айтып, түйткілді мәселелерді шешу жолдарын бірлесіп талқылады.

Депутат тұрғындардың қойған сұрақтарына жауап беріп, шағымдары мен ұсыныстарын рет-ретімен жазып алып, алдағы уақытта депутаттық сауалдарына қосатынын айтты.

Қабылдауда қарастырылған мәселелер тізімі:

1) Аймағымыздың экологиялық мәселелері мен адам денсаулығы

2) Алдымыздағы жылдың жылыту маусымына дайындық

3) Облысымыздың дамуына дұрыс бағыт беріп, үлкен көмек болатын «Құрылыс пен сәулет кеңес»-інің құрылуына ықпал жасау

4) Көгалдандыру мәселесі

6) Қоқыс мәселесі

7) Облыс орталығының ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелеріндегі қысымды жоғарлату үшін сорғыш станцияларын салу концепциясы туралы

8) Ұлттық идеологияны дамыту мәселесі.

Кездесуде, депутатымыз Ақ жол партиясының депутаттарының облысымызда атқарып жатқан біршама игі істері мен даму жолындағы үлестерін да атап өтті.

Атқарушы билікпен тығыз қарым-қатынасының арқасында жетістіктерге де жету жолдарын да атап өтті.

Қабылдауға келген адамдар өздерінің ризашылдығын білдіріп, тілектерін айтып, тарқасты.