20 ақпан 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы
Шымкент қаласында Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен
азаматтық қорғау саласына арналған даярлық 1 күндік курсы өтті. Бұл шара қоғам
белсенділерінің төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын арттыруға
бағытталды.
Аталған даярлыққа «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының заңгері Данара
Саранова партияның белсенді жастарын бастап апарды. Шара аясында белсенді
волонтерлар, блогерлер мен азаматтық қоғам өкілдері арнайы оқытудан өтті. Олар
төтенше жағдай кезінде жедел шешім қабылдау, алғашқы көмек көрсету, эвакуация
шараларын ұйымдастыру және азаматтық қорғаныс негіздері бойынша білім алды.
Курс соңында қатысушылар тест тапсырып, генерал-майор Қуанар Базарбаевтың
атынан сертификат алды. Бұл сертификат азаматтық қорғау саласындағы даярлықтан
өткенін растайды.