07
Наурыз

“Ақ жол” партиясының өкілі Айман Жакупова “Шапағат” медалімен марапатталды!

7 наурыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

“Ақ жол” демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының белсенді мүшесі, партияға сүбелі еңбек сіңірген, Ақ жол партиясынан VII, VIII с. ШҚО маслихатына, Абай облысы маслихатына тізім бойынша сайлауға түскен, белгілі кәсіпкер Жакупова Айман Ксатаевна қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында “Шапағат” медалімен марапатталды!

Бұл марапат – оның ел дамуына қосқан еңбегінің, табандылығы мен қайырымдылық қызметінің жоғары бағалануы. Кәсіпкерлік пен қоғамдық жұмыстарды ұштастыра отырып, ол көптеген әлеуметтік бастамаларға қолдау көрсетіп, аймақтың өркендеуіне өз үлесін қосып келеді.

Айман Ксатаевнаны шын жүректен құттықтаймыз! Оның еңбегі мен белсенділігі әлі де көптеген жетістіктерге жетелейді деп сенеміз. Қоғам үшін жасалған әрбір игі іс құрметке лайық!