22
Қазан

«Ақ жол» партиясының өкілі Бинұр Ахатқызы Семей қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде алғашқы жиналысқа қатысты

22 қазан 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

«Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалы жастар кеңесінің төрайымы Бинұр Ахатқызы Семей қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде алғашқы жиналысқа қатысты.

Отырыста қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер талқыланып, төрт тұрақты комитет құру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ комитеттердің құрамы бекітіліп, төрағалары сайланды.

Қоғамдық кеңес мүшесі ретінде Бинұр Ахатқызы азаматтық қоғам мүдделерін әлеуметтік саясат саласында білдіру жөніндегі комитеттің құрамына енгізілді. Бұл – «Ақ жол» партиясының өңірлік деңгейдегі қоғамдық-саяси жұмысына белсенді араласуы мен қоғам өміріне ықпал етуінің маңызды қадамы болды.

Алдағы уақытта ол кеңес алаңында партияның ұстанымдары мен бастамаларын ілгерілетіп, әлеуметтік саясат пен азаматтық қоғамды дамыту бағытында нақты ұсыныстар енгізуді жалғастырады.