15
Сәуір

«Ақ жол» партиясының өкілдері 80 түп жасыл желек отырғызды

15 сәуір 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында «AQ JOL» ҚДП БҚОФ өкілдері 80 түп жасыл желектер отырғызды.

Бүгін, 15 сәуір күні «AQ JOL» ҚДП БҚОФ мен филиал жанындағы «АQ JOL JASTARY» жастар қанаты республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында «Евразия» туристтік лагері аумағында 80 жасыл желектерді отырғызу бойынша ауқымды экологиялық акция өткізілді.

Бұл символдық көрсеткіш мерейтойлық күннің маңыздылығын және туған жерді көгалдандыруға үлес қосуға деген ұмтылысты көрсетеді.

Іс-шараға «Ақ жол» демократиялық партиясының жастар қанатының өкілдері мен Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің белсенді студенттері, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» және «Әйелдер күші Альянсы» сонымен қатар, Самбодан халықаралық жарысқа барғалы жатырған партияның жаңа мүшесі Айдынбек те қатысты.

Мұндай ұрпақтардың азаматтық белсенділігі мен елдің болашағы үшін деген жауапкершіліктерінің тамаша үлгісі болып табылады.