Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Ақ жол» партиясының өкілдері Талдықорған қаласындағы «HAK MEDICAL» медициналық орталығының еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына
кандидат, «Ақ жол» ҚДП Жетісу облыстық филиалының төрағасы Ермек Егінбаев партияның
сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырды.
Атап айтқанда, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлікті дамыту,
әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті
күшейту және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы партияның бастамаларына
тоқталды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған
мәселелерін ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Шара соңында еңбек ұжымы партияның сайлауалды бағдарламасына қолдау
білдіріп, кандидаттарға сайлау науқанында сәттілік тіледі.
