10
Сәуір

«Ақ жол» партиясының өкілдері оқушылармен теріс діни ағымдардың қауіптілігі жөнінде кездесті

10 сәуір 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы

Ж. Есіркепов атындағы жалпы білім беретін мектепте Теріс діни ағымдар және заңсыз уағыздардың қауіптілігі жөнінде жоғары сынып оқушылармен кездесу өтті.

Кездесуге «Кемел ел» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлімбек Мұрат, Қазығұрт аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Жапбарқұлов Бақытжан, ауыл имамы Таласов Еркін, «Ақ жол» партиясының мүшесі, Қазығұрт аудандық мәслихат депутаты, мектеп директоры Айбек Молдасапаров қатысты.

Қоғамда теріс діни ағымдардың таралуы өзекті мәселе болып келеді. Әсіресе, заңсыз уағыз жүргізетін топтар халықтың санасын улап, жастарды адастырып, қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төндіруде. Бұл құбылыстың алдын алу үшін оның зиянын түсініп, тиімді шаралар ұйымдастырылуда.

Басқосуға жиналғандар теріс діни ағым, заңсыз уағыз, оның қоғамға зияны, алдын-алу шаралары бойынша ақпарат алды.

Ал, ақжолдық депутат Айбек Молдасапаровтың айтуынша, діни сауаттылықты арттыру арқылы  халық арасында дұрыс діни білім қалыптасады.  Жастарға дұрыс бағыт беріп, интернет кеңістігіндегі ақпараттарға талдау жасап отырсақ, келешек ұрпақтың болашағы кемел болады дейді ол.