21
Сәуір

“Ақ жол” партиясының өкілдері тұрғындарды қабылдап, кеңес берді

21 сәуір 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясы Қызылорда облыстық филиалының заңгері Н.Амангелдиев пен облыстық Кеңес мүшесі Ш.Есекеева партияның қоғамдық қабылдауына келген қала тұрғындары Ж.Сүлейменұлы мен Б.Маратовты қабылдады. Олар кәсіпкерлікті бастауға және жас отбасын қолдауға арналған қолданыстағы бар бағдарламалар жайында жүгінді. Ақжолдықтар кәсіпкерлікті бастауға арналған тиімді бағдарламалар жүйелері туралы және мемлекет тарапынан жас отбасыларды қолдауға арналған бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оған құжат тапсыру жолдары жайлы кеңестер берді. Сонымен қатар, Ш.Есекеева қоғамдық қабылдауға келген жастарға "Ақ жол" партиясының бағдарламасын таныстырып, оларды партия қатарына өтуге шақырды.