20
Ақпан

«Ақ жол» партиясының мүшелері ардагерлерге құрмет көрсетті

20 ақпан 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Қоғамдағы үлкендерді құрметтеу – ұрпақ сабақтастығының айқын көрінісі. Осы орайда, «Ақ жол» демократиялық партиясының белсенді мүшелері қоғам қайраткері, ардагер ұстаз Атешова Бегайм апаға , құрмет көрсетті.

Партия мүшесі Мамбет Курманбаев ардагер атаның хал-жағдайын сұрады. Сондай-ақ, саясаткер ақсақалдан бата алып, «Ақ жол» партиясының қолға алып жатқан жастарға арналған жобалары бойынша кеңес сұрады. Ардагер өз өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңесін берді.

Сонымен қатар, партияның белсенді жастары көпбалалы анаға азық-түлік себетін табыстап, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерге бей-жай қарамайтындықтарын көрсетті. Олар Бегайм апаға да азық-түлік апарып, оның жағдайын сұрап қайтты.