27
Сәуір

"Ақ жол" партиясының мүшелері Семей қаласының тазалығына өз үлестерін қосты

27 сәуір 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Шәкәрім даңғылы бойында орналасқан партияның бас кеңсесінің алды мен осы даңғылға қараған көшелерде сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Көшелер тазартылып, аумақ абаттандырылды.

Бұл — тек сенбілік емес, туған қаламызға деген жауапкершіліктің, бірліктің және қамқорлықтың жарқын көрінісі.

"Ақ жол" Демократиялық партиясының мүшелері Семей қаласының көркеюіне өз еңбектерімен үлес қосуды жалғастыра береді!