02
Тамыз

«Ақ жол» партиясының мүшелері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізді

2 тамыз 2025 жыл, Павлодар облыстық филиалы

Павлодар облыстық «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының мүшелері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш маңында сенбілік өткізді. Іс-шараға қатысушылар айналаны қоқыстан тазартып, ескерткішті жуып-тазалады.

«Ақ жол» партиясы тарихи жадыны сақтау мен өткеннің қайғылы беттеріне құрметпен қарауға бағытталған іс-шараларға үнемі қатысады. Мұндай акциялар тарихқа ұқыпты қарап, қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етудің маңыздылығын еске салуды мақсат етеді.