13 қараша 2023 жыл, “Ақ жол” демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Бүгін “Ақ жол” партиясының орталық офисінде ютуб арналарға арналған подкаст студияның тұсаукесері өтті.
Студияның лентасын “Ақ жол”демпартиясының төрағасы Азат Перуашев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса қиды.
Ашылу салтанатына Мәжіліс депутаттары, белгілі журналистер мен әлеуметтік желіде белсенді блогерлер қатысты.
Студия заманауи құрал-жабдықтармен, техникалармен жабдықталған. Бұл студия әртүрлі тақырыптар бойынша подкаст түсіретін ютуб арналарға ыңғайлы. Яғни, декорациялар мен локацияны ауыстыра отырып бірнеше жобаны қатар түсіруге болады.
“Замануи студия - заман талабы. Әлеуметтік желі үшін де хабар тарататын, ой бөлісетін жердің болғаны маңызды. Ашылып жатқан студияда халық үшін өзекті деген мәселелерді талқылап, қабылданып жатқан заңдар жөнінде кеңінен айтамыз деп ойлаймын”, - деді партия лидері Азат Перуашев.
Еске сала кетейік бұл студия тек партияға ғана емес, қазақ журналистикасына қызмет етуді жоспарлап отыр.