03
Сәуір

«Ақ жол» партиясының құрылған күніне орай Жамбыл облыстық филиалында мерекелік іс-шара өтті

2024 жылдың 3 сәуір күні "Ақ жол" ҚДП Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Мұханбетәлі Шалқарбеков партияның ұстанымы, идеясы, бағыт-бағдары туралы айтып өтті.

Сондай-ақ төраға орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова партияның тарихына тоқталса, "Ақ жол" партиясынан сайланған Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Дәурен Ахметжаев, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Руслан Мырқалықов ақжолдық депутаттар көтеріп жүрген өзекті мәселелер мен олардың шешімін табу жолындағы жұмыстарды тілге тиек етті.

Партия филиалының төрағасы Мұханбетәлі Шалқарбеков сайлау кезінде белсенділік танытқан  сайлаушыларды марапаттады. Алғыс хаттар мен төсбелгілер тапсырып, сый-құрмет көрсетті. Марапатталғандар арасында депутат Руслан Мырқалықов сайланған округтің белсенді сайлаушылары бар. Олар өз кезегінде депутаттарға, филиал қызметкерлеріне сұрақ қойып, ой-пікірлерін ортаға салды.

Жиын соңында белсенді сайлпушылар партия қатарынан кіруге ниет білдіріп, өтініш жазды.