10
Қараша

"Ақ жол" партиясының сайлауалды құрылтайы қашықтан өткізілетін болды

https://t.me/peruash/467

Күрделі эпидемиологиялық жағдайға және бірқатар аймақтарда шектеулер енгізілуіне байланысты "Ақ жол" демократиялық партиясының президиумы өзінің сайлауалды құрылтайын қашықтан өткізуге шешім қабылдады.

Бұдан бұрын хабарлағандай, құрылтай б.ж. 20 қарашасына белгіленген. Партия Жарғысының 3.б. 34 бабына сәйкес, "Партияның Құрылтай отырысын ерекше жағдай туындағанда сандық технологияны қолдана отырып бейнеконференция режимінде өткізуге болады".


Партияның құрылтайында off-line режимінде жұмыс істеу үшін облыстық филиалдардың басшылары мен орталық кеңес мүшелері шақырылады. Қалған делегаттар облыстық (қалалық) филиалдарда жиналып, тікелей бейнебайланыс арқылы қатысады. Орталық аппарат пен "Ақ жол" демпартиясының филиалдарына тиісті ұйымдық-техникалық мәселелерді анықтау тапсырылды.