27 қыркүйек 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
Жастармен өткен ашық диалогта оқу орнының өзекті мәселелері сөз болып,
студенттер ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Жастар қанатының жетекшісі Ануар
Құсаинов өз жұмыс бағыты жайлы айтып, партия тарапынан жастарға берілетін
мүмкіндіктерді түсіндірді.
Сонымен қатар, студенттерге дәстүрлі республикалық «ХХІ ғасырдағы Алаштың
Ақ жолы» байқауы туралы мағлұмат берілді. Байқаудың басты мақсаты – «Алаш»
қозғалысының саяси тәжірибесі мен рухани мұрасын зерделеп, оны қазіргі
Қазақстан қоғамының дамуымен сабақтастыру.
Байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы жастар эссе, мақала, зерттеу жұмыстарын
қазақ және орыс тілдерінде жолдай алады. Жеңімпаздарды бірнеше кезеңнен тұратын
іріктеу күтіп тұр, ал финалдық кезең дәстүр бойынша Астанада өтеді.
«Жастардың пікірін тыңдап, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру – біздің
басты міндетіміз. Біз әрбір студенттің өз әлеуетін ашып, осындай жобаларға
қатысуына жағдай жасаймыз», – деді жастар қанатының жетекшісі Ануар Құсаинов.



