Жаңа Конституция – мемлекеттің жай ғана негізгі құжаты, нормалар мен ережелердің жиынтығы емес. Іс жүзінде бұл – басқарудың өзге жүйесіне, өзге саяси шынайылыққа жасалған қадам.
Кейбір детальдар төңірегіндегі пікірталасты шетке ысыратын болсақ, Жаңа Конституцияның жалпы бағыты – соңғы жылдары бірінен соң бірі біздің ұлтымыздың және бүкіл әлемнің алдында туындап отырған ауқымды әрі күрделі міндеттерді шешуге Қазақстанның саяси жүйесін жұмылдыру. Ал мұндай сынақтар алдағы уақытта тек көбейе түсетін сияқты. Қалай болғанда да, Республика жаңа сын-қатерлерге лайықты түрде жауап беруге ғана емес, олардан әріге көз жібере алуға да дайын болуы тиіс.
Сондықтан мемлекеттің негізгі институттарына жаңа формат беру билік пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылға мүлде басқа серпін беруді, халықтың пікір білдіру еркіндігіне баса назар аударып, оны мемлекеттік басқару вертикалі арқылы тиімді іске асыру мүмкіндігін қалыптастыруды көздейді.
Осылайша, сын-қатерлерге жедел әрекет ету мен ұлттық мүдделерді болашақта да позитивті әрі жүйелі түрде ілгерілету арасындағы тепе-теңдік қалыптасады.
Әрине, бұл форматты кейін бүкіл құқықтық жүйе мен мемлекеттік органдардың атқарушылық тәртібі арқылы қаншалықты дәйекті түрде жүргізу мүмкін болатынына көп нәрсе байланысты. Бұл бағытта, бұрынғы тәжірибе көрсеткендей, әлі де бірқатар мәселелер бар.
Соған қарамастан, Жаңа Конституцияны қабылдау – осындай өзгерістер жолындағы алғашқы әрі ең маңызды, тағдыршешті кезең.
Осы орайда Президент Қ. Тоқаевтың бұл өзгерістерге бастамашы болуындағы рөлін атап өтпеу мүмкін емес. Классиктер айтқандай, тұлғаның тарихтағы рөлі қоғамның еркін түсініп, оны іске асыруда ғана емес, ең алдымен сол ерікті тұжырымдап, қалыптастыруында (!) жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің тәжірибесіне сүйене отырып, көпшілігімізден бұрын мемлекеттік басқарудың жаңа құрылымының қажеттілігін көріп, оны айқындады; Қаңтар оқиғаларынан бастап 2022 жылғы конституциялық реформаға, 2025 жылғы Жолдауға және V Құрылтайға дейінгі өзінің талаптары мен халыққа үндеулері арқылы қоғамда реформалардың жалпы контурын түсіну мен қолдауды қалыптастырды.
Ал бүгін қолдаушылары дайындаған тұтас құжатты отандастардың талқылауына ұсынды.
Мен үшін Конституциялық комиссия құрамында солардың қатарында болу – үлкен мәртебе.
Ал ары қарайғысы – дәл осы жерде және дәл қазір өзімізге байланысты.