Бүгін Ақмола облысының іс жүзіндегі өнеркәсіп орталығы Степногорск қаласында жұмыс сапарымен болып қайттық. Қала жинақы, кең, өзіндік тартымдылығы мен ішкі атмосферасы бар. Әр жолы оның өзіндік ерекшелігіне таң қаламын.
«Тау-кен химия комбинаты», «Промзащита» ЖШС және «Жылыжай технологиялары» ЖШС ұжымдарымен кездестік.
Конституциялық реформаның негізгі бағыттарына тоқталып, сұрақтарға жауап бердім.
Жұмысшыларды президенттің неліктен өз өкілеттіктерін қысқартып жатқаны қызықтырады, бірақ барлығы мемлекет басшысының туыстарының мемлекеттік органдарға немесе ұлттық компанияларға жетекшілік етуіне тыйым салу сияқты норманы бірауыздан қолдап отыр.
Олар Қ.Тоқаевтың билік партиясынан шығуын және Қазақстан Республикасының басқа президенттерінің де шенеуніктерге емес, бүкіл Қазақстан халқына қызмет ету талабын құптайды. Жергілікті органдардың дербестігін нығайту, мемлекет басшысының жергілікті жерлерде қабылданған шешімдерге араласудан бас тартуы туралы норма қызығушылық тудырды. Осыған байланысты шағын қалалар мен ауылдық округтердің бюджеттерін күшейту; өзін-өзі басқаруды дамыту туралы сұрақтар қойылды. Бұл реформаның келесі кезеңі, Конституцияның жаңа редакциясын жүзеге асыру барысында парламент әртүрлі заңдарды, соның ішінде, Бюджет кодексі және жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңдарын қайта қараған кезде мүмкін болатынын жеткіздім.
Жалпы, референдум мемлекеттің іргетасын нығайту қадамы ретінде оң әсер туғызады. Сонымен қатар, бірқатар мәселелер ағымдағы жағдайларға көбірек қатысты: нан, қант, сүт секілді азық-түлік бағасының өсуі. Әкiмдер неге кауқарсыз және Конституциядағы өзгерiстер оны қалай тоқтатады.
Өндіріске жаңа келген жұмысшылар жалақысының төмендігі, ал, олардың құрдастары YouTube-те миллиондаған табыс табады. Әділетсіз ҰБТ жүйесі, садарынан түлектер еш қиналмастан жатақханасы, шәкіртақысы, болашақ жұмысы дайын Ресейдің жоғары оқу орындарына ағылуда.
Қаңтар оқиғасындағы ҰҚШҰ рөлін бағалау және еліміздің Ресей мен Украина арасындағы соғысқа тартылу қаупі қандай? Әйелдердің, сондай-ақ еңбек жағдайлары ауыр және қауіпті жұмыскерлердің (1 және 2-тізбелер) зейнеткерлік жасын қысқарту. Электр энергиясына жоғары тарифтер, ЖЭО мен тұтынушылар арасында делдалдық монополистердің үстемдігі. Кәсіпорындарда кадр тапшылығы, ал ресми жұмыссыздар мұндай жалақыға тер төккісі келмейтіні және т.б.
Жаңа Қазақстан сөз жүзінде емес, іс жүзінде қашан басталады.
Осы орайда саңылауларды жөндеуге шақырылған сантехник туралы әзіл есіме түсті. Шебер ойға батып тұрады. Үй иелері алаңдап:
- Бітегішті өзгерту керек пе? - деп сұрайды.
- Жоқ, - дейді сантехник.
- Муфтаны ауыстыру керек пе?
- Бұл да мәселені шешпейді.
- Сонда ше? Иә, бітегіш немесе муфтамен мәселе шешілмейді. Бүкіл жүйені өзгерту керек, деп жауап береді тәжірибелі сантехник.
Сондықтан бізде баға, ҰБТ немесе монополистер ғана емес – бүкіл жүйені өзгерту керек. Ал Конституция – еліміздің құқықтық жүйесі. Оны реформалауды қолдасақ, ескі мәселелердің жаңа шешімдері табылмақ. Басқа жол жоқ.