26 наурыз 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы
«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалында тұрғындардың заңдық мәселелері
қаралды. Қабылдауды партия филиалының заңгері Данара Саранова жүргізді.
Қабылдау барысында құрылыс саласының маманы Ақбердиев Ақтөремен ресми
жеңілдіктер мен құқықтық мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, құрылыс
саласындағы кадр тапшылығы көтеріліп, оны шешу жолдары қарастырылды. Заңгер өз
кезегінде осы бағытта қандай мемлекеттік қолдау тетіктері бар екенін түсіндіріп,
тиісті кеңес берді.
Екінші тұрғын жеке мәселесі бойынша жүгінді. Оның сұрақтары заң аясында
қарастырылып, қажетті құқықтық көмек көрсетілді.