30 мамыр 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Шәкәрім университетінің қоғамдық өміріне белсене араласып, жастар
саясатының дамуына қосқан үлесі үшін “Ақ жол” партиясының Абай облыстық
филиалының жастар кеңесінің мүшесі — Қидырмина Айым Жанатовна арнайы марапатқа
ие болды.
Университеттің жыл сайынғы қорытынды кешінде 100 үздік студент
марапатталып, солардың ішінен топ-25 үздік студенттің қатарында партиямыздың
белсенді жас өкілі топ жарды.
Бұл – жастар арасындағы көшбасшылықтың, қоғамдық белсенділіктің және саяси
мәдениеттің жарқын көрінісі. Айымға алдағы уақытта да толағай табыс, жаңа
жетістіктер тілейміз!


