27 ақпан 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Бүгін "Ақ жол" партиясының Абай облыстық филиалының жастар
кеңесінің мүшелері Бородулиха ауылына барып, жергілікті жастарға арнап дебат
бойынша тренинг өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар дебаттың құрылымы,
тиімді аргументация әдістері және шешендік өнердің негіздері туралы білім алды.
Тренинг интерактивті форматта өтіп, қатысушылар тәжірибелік тапсырмалар
орындап, пікірсайыс техникасын іс жүзінде қолдануға мүмкіндік алды. Мұндай
бастамалар жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, ойын еркін әрі дәлелді
жеткізе білуіне және көшбасшылық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
"Ақ жол" партиясының жастар кеңесі алдағы уақытта да аймақ
жастарының зияткерлік және қоғамдық белсенділігін арттыру мақсатында түрлі
іс-шараларды ұйымдастыруды жалғастырады.