09
Қараша

«Ақ жол» партиясының жастары “KONGRESS CUP XI” турнирінде

9 қараша 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

«Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының Жастар кеңесінің мүшелері арнайы шақыртумен “KONGRESS CUP XI”  республикалық пікірсайыс турниріне қатысты.

Бұл ауқымды дода еліміздің түрлі өңірлерінен жиналған ең үздік пікірсайысшылардың басын қосып, зияткерлік сайыс пен көшбасшылық мәдениетті дамытуға бағытталды.

Жастар кеңесі мүшелері өздерінің білімін, шешендік қабілетін және жоғары дайындық деңгейін көрсете отырып, Абай облысының намысын абыроймен қорғады.

Мұндай шаралар — жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, жаңа ортада тәжірибе жинауына және өз әлеуетін толық ашуына зор мүмкіндік береді.