27 мамыр 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
“Ақ жол” партиясының Абай облыстық филиалының жастар кеңесінің мүшелері
Шәкәрім университетінің студенттік парламентінің бас PR менеджері, жастар
бастамаларын қолдаушы белсенді студент Серікқазы Нұрқадірмен арнайы кездесу
ұйымдастырды.
Кездесу барысында университет ішіндегі жастар қозғалысын дамыту, медиа
жұмысын жандандыру, пікірсайыс пен басқа да зияткерлік іс-шараларды ұйымдастыру
жолдары талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар қоғам белсенділігін арттыру,
креативті жобалар мен жастар бастамаларын қолдау мәселелері бойынша ой бөлісті.
Бұл кездесу – жастар кеңесінің алдағы жұмысына тың серпін беріп, белсенді
студенттермен тығыз әріптестік орнатуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі
болды.