24 маусым 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
"Ақ жол" партиясының Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық
қабылдауына тұрғындар әр түрлі мәселелермен арызданады. Соның бірі қаланың шет
аймағындағы С. Есова көшесі арқылы өтетін жылу құбыры бойының тұрғындарға
келтіріліп жатқан залалы мен тазалығы туралы. Облыстық филиал қызметкерлері
арызданушы тұрғындардың мәселесімен нақтылау үшін аталған көшеге барып,
мән-жаймен танысты. Мәселе бойынша
құзырлы органдар мен жауапты мекемеге облыстық филиал атынан хат жолданып,
партияның мәслихат депутаттары тарапынан депутаттық сауал берілетін болады.

