05
Сәуір

«Ақ жол» партиясынан Тараз қалалық мәслихатына сайланған депутат, кәсіпкер Руслан Мырқалықов су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына тұрмыстық-шаруашылық заттар жіберді

5 сәуір 2024 жыл, «Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан Тараз қалалық мәслихатына сайланған депутат, кәсіпкер Руслан Мырқалықов әріптестерімен бірге  Ақтөбе облысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына тұрмыстық-шаруашылық заттар жіберді.

Осылайша Руслан Мырқалықов Тараз қалалық депутаттармен бірігіп, Асел Абілханқызы бастаған қайырымдылық іске біркісідей үлес қосты.

Тараздан жеті  Газель мен үлкен бір жүк фурасы жолға шықты.