13
Желтоқсан

«Ақ жол» партиясы Орталық Кеңесінің салтанатты отырысы өтті

12 желтоқсан 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі

«Ақ жол» ҚДП Орталық Кеңесінің Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналысы өтті. Пленумды партия төрағасы Азат Перуашев ашып, партияның және оның парламенттік фракциясының ағымдағы жылға арналған жұмысы туралы айтты.

Орталық кеңес Қуандық Бисқұлтановты Алматы қалалық филиалының төрағалығына сайлау туралы шешімін мақұлдап, партияның Орталық Кеңесіне енгізуге дауыс берді.

Кездесу барысында бірқатар партия мүшелері салтанатты түрде мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен:

Абжанов Әлімхан Досыбайұлы - «Ақ жол» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы

Әжібаева Жібек Төреханқызы - Қазақстан сауда кәсіпорындары қауымдастығының вице-президенті

Жұмабаева Айгүл Қызырқызы - «Ақ жол» партиясы парламенттік фракциясы аппаратының жетекшісі

Подковыров Дмитрий - «Ақ жол» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы

Сартбаев Сәбит Хайрулаұлы - «LG Electronics Almaty Kaazakhstan» АҚ атқарушы директоры

Шәріп Амантай Жарылқасынұлы - «Ақ жол» партиясы төрағасының кеңесшісі марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

Исмагулов Айдар Амантайұлы - «БАГИС» ЖШС директоры

Құрманғалиев Талғат Тлеболдыұлы - LNP GROUP ЖШС бас директоры марапатталды. Сонымен қатар, партияның жаңа мүшелеріне партия билеттері табысталды