13
Қыркүйек

«Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы кәсіпқой аралас жекпе-жектен Оралдағы халықаралық «OCTAGON GLOBAL-2» турниріне қатысушылардың бетпе-бет кездесуі мен салмақ өлшеу процедурасына қатысты

13 қыркүйек 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының өкілдері Орал қаласының қала күні мерекесінің аясында 2019 жылдың 14-қыркүйегінде кәсіпқой аралас жекпе-жектен Орал қаласында тұңғыш рет өтетін халықаралық «OCTAGON GLOBAL-2» турниріне қатысушылардың бетпе-бет кездесуі мен салмақ өлшеу процедурасына қатысты.

Қатысушылар арасынан  «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық Кеңесінің мүшесі, байдарка мен каноэлік есу бойынша бірлестігінің президенті, Орал қаласы әкімінің әлеуметтік мәселер бойынша кеңесшісі Юрий Казанинді ерекше атап өтуге болады.

Жалпы турнирге Ресей, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның әр түкпірінен жекпе-жек майталмандары қатысатын болады. Бұл халықаралық шара «OCTAGON PROMOTION» промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен, ҚР жауынгерлік жекпе-жек ассоциациясы мен Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің, Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізілмек.

Басты жекпе-жекте Батыс Қазақстан өңірінің тумасы, аралас жекпе-жек алаңында жеңіліс тауып көрмеген, OCTAGON лигасының қазіргі таңдағы 56,7 салмақ дәрежесіндегі чемпионы Алтынбек Мағаз (7-0-0) – тағы бір жеңілмеген проспект, алматылық Азат Мақсұмға (4-0-0) қарсы өзінің чемпиондық титулын қорғайтын болады.

Сонымен қатар, сегізбұрышқа Аслан Өтеғалиев, Сұлтанбек Меңдібаев, Виталий Железнов, Евгений Назаров, Жігер Жұмашев сынды оралдық файтерлер де шығып ел намысын қорғайтын болады. «OCTAGON PROMOTION» промоутерлік компаниясының  Қазақстанның әр аумағында мұндай халықаралық турнирлерді ұйымдастырып жатқандағы негізгі мақсаты – еліміздің әр түкпірінен аралас жекпе-жек саласынан жаңа есімдер тауып, оларды өз қатарына қосып, әлемдік ареналарға шығару.