18
Қыркүйек

"Ақ жол" партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы "Мен еріктімін" атты оқыту семинарын өткізді

18 қыркүйек 2020 жыл, «Ақ жол» Демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы

         «Ақ жол» Демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы"Мен еріктімін" тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

         Семинарға студенттер, әртүрлі ұйымдардың қызметкерлері мен кәсіпкерлер қатысты.

         Волонтер болу тек материалдық тұрғыдан көмек беру ғана емес, ол уақыт пен физикалық күшті де қажет ететін қызмет. Сондықтан біз өз еркімен мұқтаж жандарға көмек көрсетіп жүрген волонтерларды жігерлендіру мақсатында шеберлік сабағын ұйымдастырдық, - деді семинар спикері, филиал төрағасының орынбасары, 2019 жылдың үздік әлеуметтік волонтері, «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қорының басшысы Рада Хайрушқызы.

         Сондай-ақ, ол өзінің қайырымдылықпен 2012 жылдан бастап айналып келе жатқанын және егіздерімен бірге перинаталды орталықта жатқан кезде, аналардың өз балаларын қалдырғанын көріп, кейін жетім балаларды қорғау мақсатын "Көмек қолы" қозғалысын іске асырғанын айтты. Бұл әрекетін қоғамдағы көптеген қамқор адамдар қолдаған. Қазіргі күнде мейірімнен пайда болған қозғалыс қайырымдылық қорға айналған. 

         Қор балаларды оқытуға, таланттардың қабілетін дамытуға, болашақ мамандықты таңдауға кәсіптік бағдар беру және түрлі шеберлік сыныптарын өткізіп келеді. Осы уақытқа дейін 1000-нан астам ірі шараларды өткізді.

         Ал, "Ақ жол" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының белсенділері  жетім балалар мен балалар үйі түлектеріне, мүмкіндігі шектеулі адамдар мен көп балалы және аз қамтылған отбасыларға волонтерлік қызметті ұйымдастыруды және әрі қарай жалғасатындығын жеткізді.

         Семинар соңында қатысушылар өзара түсіністікке тегін үйретіп жүрген «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қорының қажеттіліктері бар балаларының шығармашылық жұмыстарымен танысты.