4 наурыз 2020 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» партиясының өтінішінен кейін Жоғарғы Сот салық даулары бойынша жұмыс тобының жұмысын қайта жандандырды. Келесі отырыс осы жылдың 5 наурызында өтеді.
Еске сала кетейік, 2019 жылы «Ақ жол» партиясының бастамасымен Жоғарғы Соттың сайтында мемлекеттік органдар, ҰКП, Мәжіліс депутаттарынан тұратын жұмыс тобы құрылды. Проблемалық мәселелерді шешу үшін ұсыныстар дайындалды, бірақ олар орындалмай қалған болатын.
Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында кәсіпкерлердің көптеген өтініштерінен кейін «Ақ жол» партиясы тағы да осы тақырыпқа оралды. Салық даулары бойынша бірқатар жиналыстар ұйымдастырып, Қаржы министрлігіне және Бас Прокурорға тиісті депутаттық сауал, Жоғарғы Сот төрағасына хат жолдаған болатын.
ҚР Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановтың Бас прокуратураға, Қаржы министрлігіне, Әділет министрлігіне, ҰКП мен А.Перуашевке жолдаған хатында: «Кәсіпкерлікті қолдаудың маңыздылығын ескере отырып, «Ақ жол» парламенттік фракциясы осы мәселе бойынша жұмыс тобының жұмысын жандандыруды ұсынды. Менің қатысуыммен жұмыс тобының отырысы ағымдағы жылдың 5 наурызы сағат 15.00-де Жоғарғы Сот ғимаратында жоспарланды» деп жазылған.
«Ақ жол» демократиялық партиясы және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру және отандық бизнестің мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастыруда.