14
Қыркүйек

«Ақ жол»: Президенттің Салық кодексіне ревизия жүргізу тапсырмасы өзекті мәселелелерді қозғайды

14 қыркүйек 2020 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі.

Президенттің салықтарды жеңілдету үшін Салық кодексіне ревизия жүргізу  тапсырмасы өзекті мәселелерді қозғайды. Бұл туралы Азат Перуашев Президент Жолдауына қатысты «Вектор перемен» мақаласында айтты.

«Ақ жол» партиясы мемлекет басшысының бұл шешімі орта тапты құрайтын шағын және орта бизнесті құтқарады- дейді.

«Осы топтың әлсіреуі (қазірдің өзінде әлсіреді) байлар мен кедейлер арасындағы  аражікті күшейте түседі. Президент өзінің шешімімен қоғамдағы әлеуметтік жарылыс қаупін төмендетті» - деп атап өтті Азат Перуашев мемлекет басшысының диффренциялық салықтарды енгізу туралы тапсырмасына орай.

А.Перуашев «Ақ жол» демпартиясы парламенттегі алғашқы күндерден бастап отандық тәжірибеге аталған тетіктерді енгізу туралы ұсыныстар енгізіп, үкіметке  жиырмадан астам сауалдар мен заңға ұсыныстар жолдағанын еске салды.  Диффренциялық мөлшерлемелер Экономикалық ықпалдастық және даму ұйымы мен Еуродақ елдерінде басымды секторларды  қолдау үшін әсіресе, әлеуметтік тауарларды өндіретін азық-түлік, киім-кешек, балалар тауарлары, тұрғын-үй құрылысы, қызмет көрсету салаларында кеңінен қолданылады.   Салықтың  ынталандырушы рөлін көрсететін экономикалық саясаттың басты құралы. 

Бірақ мемлекеттік органдар салық қызметтеріне туғызатын қиындықтарға сілтеп мұндай ұсыныстарды қолдамады. Дегенмен сәуір айында, Қ.Тоқаев Төтенше жағдайлар  кезінде әлеуметтік маңызды кейбір тауарларға қосымша құн салығы мөлшерлемелерін төмендету туралы  шешім қабылдады. 

«Президент өзінің шешімімен кейбір әлеуметтік тауарларға қосымша құн салығын 12%-ден 8%-ға дейін төмендетіп, салық саясатында шағын болса да, маңызды революция жасады. Иә, ол қазіргі қолданыстағы салық кодексінің шеңберінен тыс және ол  төтенше жағдайлар режимі кезінде жасалды. Оның үстіне осы қадамды заң жүзінде бекіту маңызды, біз 2020 жылдың 15 сәуірінен бастап үкіметке кезекті сауал жолдау арқылы түзетулер енгізуге тырыстық. Бірақ «Қосымша құн салығының төмендетілген мөлшерлемесін қолдану салық есебін қиындатуға соқтырады... Ауыртпалық түсірілмейтін тетіктерді пайдалану ұсынылады»  деген бұрынғыдай  жауап келді.

«Салықтар шенеуніктерге емес, бизнес үшін икемді болу керегін Еуропада жақсы түсінгенімен, бізде дәлелдеу тіпті мүмкін болмай тұр» - дейды «Ақ жол» партиясының жетекшісі. Жолдаудағы «дифференцияландырылған мөлшерлемелерді енгізу туралы ойланайық» деген президент тапсырмасы консервативтік мемлекеттік аппаратты проблемалардың шешімдерін іздеуге итермелейді» деп атап өтті.

Жалпы «Ақжолдықтардың» пікірі бойынша Жолдауда қазіргі жағдайға көптеген оң   баға берілді, керекті тапсырмалар тізімі жасалды, мұнымен ақыл есі түзу адамның келіспеуі мүмкін емес. Мысалы, салықтарды жеңілдету үшін Салық кодексінде тексеріс жүргізу  туралы тапсырмасы маңызды мәселелерді қозғайды. Бірақ тапсырманың мемлекеттік аппаратқа берілуі бастаманың орындалу келешегіне күмән туғызады.

Салық кодексі бойынша ҚҚС және ПӘК мөлшерлемелерін Үкімет жаппай көтеретіні туралы хабар бар. Бұл Президент тапсырмасындағы бизнес үшін салықтарды диффенциаландырып, оңайлатып, жүктемені жеңілдету талаптары қазіргі қиындықтардан бизнесті шығару жолымен қалай ұштасады? Жоқ ұштаспайды.

Сондықтан да мен мемлекет басшысы бастамаларды өзінің қолына алып  шешімдер қабылдағанда ғана нақты нәтижелерге жететініне үміт артамын. Ал ведомстволарға қайта қарауға берілген тапсырмалар, бюрократияның қауһары жағдайында олардың нәтижелерін көрмейінше күмән туғызады» -  деді Азат Перуашев.